Бас прокуратура Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты тергеу жөнінде айтты

277

Шерзаттың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған. 

Бас прокуратура Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты тергеу жөнінде айтты Фото: видео скриншот

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы қанды оқиға бойынша істің тергелуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Талғардағы кісі өлтіру оқиғасына қатысты тергеу амалдары тұрақты бақылауда тұрғанын атап өткен жөн. Күдікті адамдар ұсталды және оларға айып тағылды. 15 қазан күні Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың қатысуымен брифинг өтіп, сол кезде істің мән-жайына қатысты түсінік берілді. Қайтыс болған жасөспірімнің әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын нақты айта аламын", – деді Ғ. Қойгелдиев.

Оның айтуынша, қара жамылған отбасының үйін өртеу дерегіне қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл тұрғыда тиісті сарапталар жасалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу