Бас прокуратура: Тәртіпсіздіктерге қатысқандарға 20 доллардан 100 долларға дейін төленді

820

Жамбыл облысының тұрғыны Telegram арна құрып, бассыздықтарға үндеп, мемлекеттік нысандарды басып алу бойынша нұсқаулар беріп отырған.  

Бас прокуратура: Тәртіпсіздіктерге қатысқандарға 20 доллардан 100 долларға дейін төленді

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Алматы облысы Талдықорған қаласындағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырған, сондай-ақ азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға үлес қосқан азаматтар О. және Н. анықталды. Погромдарға қатысқаны үшін олар әр адамға 20-дан 100 долларға дейін төлеген. Бұл фактілер тергеу барысында анықталды және тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке іліккен тұлғалардан жауап алу барысында расталады", – деді Елдос Қилымжанов.

Сондай-ақ оның айтуынша, 4 қаңтарда Алматыда Telegram арнасын ашып, санаулы сағатта бірнеше мың жазылушы жинаған Жамбыл облысының тұрғыны анықталды.

"Осы Telegram-арна арқылы оның тосқауылдар құру, молотов коктейльдерін жасау, тәртіп сақшыларына қарсы тұру және ғимараттарды басып алу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар бергені белгілі болды. Одан кейін 5 және 6 қаңтарда тәртіпсіздікке қатысушылардың қозғалысы және олардың мемлекеттік нысандарға шабуылын реттеу туралы ақпарат берілді. Тергеуде бұл туралы дәлелдер бар. Күдікті анықталып, қамауға алынды", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу