Өйткені, мүрдесі кеше табылған тракторшы қызыл жалынның салдарынан қаза таппаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары осылай деп отыр.
Трактор жүргізушісі Сергей Архипов 10 маусымда өрт сөндіруге көмектесемін деп кетіп, байланыссыз қалған. Осыдан 2 күн бұрын тракторы табылды. Ал кеше мүрдесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде Архиповты "жүрек талмасынан қайтыс болды" деген қорытынды шығарылған. Осыны ескерген құзырлы органдар трактор жүргізушісін орман өртінің құрбаны қатарына қосқысы келмей отыр.
"Ол азамат өрт алқабынан тым басқа жерде табылған. Тракторы да және оның денесі де. Өкінішке орай қай себеппен адам бұл дүниеден өтсе де бұл өте ауыр ғой. Өзіне және отбасы үшін. Бірақ ол өрттің салдарынан қаза болмаған. Сол себептен ол азаматтардың санатына жатқызылмайды", - дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.
Марқұмның туыстары құқық қорғау органдарының мәлімдемесін "өтірік" деп отыр
Алайда, қайтыс болған Архиповтың жұбайы "Информбюро" порталына берген сұқбатында бұл кесіммен келіспейтінін айтқан. Ирина Архипова күйеуінің орман айналасындағы жерді жыртып жатқан видео жібергенін алға тартып отыр.
"Мұның бәрі өтірік. Қалай ғана осылай өтірік айтуға болады? Егер ол жұма кеткен болса, бәрі журналда ресми жазылады ғой. Оған жанармай құйған, оның өрт ошағында болғанын көрген адамдар да бар. Қалай ғана шімірікпестен осылай өтірік айтуға болады?! Ештеңені дәлелдегім келмейді. Егер олар бүгінгі ақпаратты жоққа шығармаса, мен президентке дейін шағымданамын. Неге бұлай істейді?! Ол бір тәулік өрт ішінде болып, содан кейін жоғалып кетті ғой. Адам опат болды, оны өлтірді десе де болады. Енді келіп оған күйе жақпақ", дейді - марқұм С.Архиповтың жұбайы Ирина Архипова.