Бас прокуратура түсінік берді: Ресей бидайын Қазақстан атынан экспорттаған кәсіпкерлерге қатысты іс тоқтатылды

866

Олардан ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қылмыс істеді деген күдік алынып тасталған.  

Бас прокуратура түсінік берді: Ресей бидайын Қазақстан атынан экспорттаған кәсіпкерлерге қатысты іс тоқтатылды Фото: egemen.kz

Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы үй қамаққа ауыстырылды. Мемлекет мүддесі үшін мүліктік залал келтіру фактісі бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей Федерациясынан бидай сатып алып, оны қазақстандық астық түрі ретінде шетелге заңсыз экспорттаған 3 кәсіпкер мүліктік залал келтірді деп күдіктелді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, жекелеген жағдайларда экономикалық қылмыстар туралы істер бойынша кәсіпкерлерге ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында (ҚК 262-бабы бойынша) қылмыс жасағаны деген қосымша айып тағылады.

"3 кәсіпкер мүліктік залал келтірді деп күдіктелген (Қылмыстық кодекстің 195-бабы 4-бөлігі), өйткені олар бидайды Ресей Федерациясынан сатып алған, содан кейін қазақстандық астық түрі ретінде шетелге заңсыз экспорттаған. Тергеу мәліметтері бойынша кәсіпорын иесі қылмыстық құқықбұзушылықты жасау үшін компания қызметкерлерімен бірге қылмыстық топ құрған. Мұнда қылмыстың экономикалық құрамы болған жағдайда ғана кәсіпкерлер қамаққа алынатынын ескеру қажет", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Алайда Қылмыстық кодекстің 262-бабы кәсіпкерлерді қамаққа алуға негіз болды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы адам үшін ауыр зардаптарға әкеп соғады. Жазаның жалғыз түрі – бас бостандығынан айыру, шартты түрде соттауды болдырмайды. Біз ҰҚТ деген күдік негізсіз тағылған деп санаймыз, өйткені бұл үшін жоғары ұйымшылдық пен тұрақтылық түріндегі бірқатар белгілер болуы тиіс. Басшылық пен бағынысты жұмысшылар арасындағы жұмыс қатынастарын өздігінен қылмыстық топ құру және оған қатысу деп тануға болмайды", – деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры Данияр Ахимбеков.

Осыған байланысты қадағалаушы прокурор құқықбұзушылық құрамы белгілерінің болмауына байланысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша 3 адамға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты.

 "Прокурордың міндеті – азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу", - деп түйіндеді Данияр Ахимбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу