Бас прокуратура үндеу жариялады

1080

Ведомство рұқсат етілмеген наразылық акцияларының ұйымдастырушылары мен қатысушылары заң алдында жауап беретінін еске салды.

Бас прокуратура үндеу жариялады

Бас прокуратура елімізде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымының (ҚДТ) акцияларға шақыруларына қатысты үндеу жариялады.

"Аталған ұйымның мүшелері аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін шетелде сот төрелігінен жасырынып жүр.Олар тұрғындарды құқыққа қарсы іс-әрекеттерге айдап салып, адамдардың қауіпсіздігіне, олардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне залал келтіру, қоғамның қалыпты тіршілік әрекетін бұзу қауіпін туындатуда",– деп ескертеді бас прокуратура.

Рұқсат етілмеген наразылық акцияларының ұйымдастырушылары мен қатысушылары заң алдында жауап береді.

"Заңсыз акцияларға қатысу фактілері расталған жағдайда құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабы бойынша жауапкершілік мәселесі қойылатын болады (50 АЕК-ке дейін айыппұл, 15 тәулікке дейін қамаққа алу)",– делінген ведомствоның үндеуінде.

Бас прокуратура азаматтарды арандатушылық шақыруларға алданбауға және экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатыспауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу