Бас прокуратура еліміздегі ұрлық санын азайтуға бағытталған жаңа жұмыс жүйесін ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандардың айтуынша, бейнебақылау камерасы қылмыстық әрекеттерді ашуға зор ықпал етеді. Сондықтан оның иелеріне мадақтау тәсілін енгізіп, әрқайсысына ашылған қылмыс үшін қаржы төленуі керек.
Бұдан бөлек бас прокуратура көппәтерлі үйлерге бейнебақылау камерасын көптеп орнату керектігін айтады. Оған тұрғындар ай сайын төлем жасап тұрмақ. Тариф 150 теңгенің шамасында бекітіледі.
Сонымен қатар ішкі істер министрлігінің өкілдері ұялы телефон, автокөлік және мал ұрлығын алдын алудың жаңа жолдарын ұсынып отыр. Ресми мәліметке жүгінсек, соңғы 25 жылдан бері еліміздегі ұрлық-қарлық деректері 9 есеге артқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу