Бас прокуратура Владислав Челахтың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді

533

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Владислав Челахтың мәлімдемесіне қатысты журналистердің сауалына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz

Бас прокуратура Владислав Челахтың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді  Фото: google.com

"Челахтың Мемлекет басшысының атына хат жазып, Арқанкергенде болған оқиғаны толық айтып беруге дайын екенін мәлімдегені рас па", деген журналистер тарапынан сауал түсті. 

Алайда, Өмірәлиев мұндай ақпараттан хабары жоқ екенін айтты. 

"Өкінішке орай, Челахтың мұндай мәлімдемесінен хабарым жоқ. Сондықтан бұл жағдайға қатысты пікір білдіре алмаймын. Ал, егер ол жүгінген болса, оны тексеруден өткізіп, жауабын береміз", - деп түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу