Бас прокуратура жалған уағызшының Youtube арнасын бұғаттады

829

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, интернетте радикалды идеялардың таралуы айтарлықтай қауіп төндіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Бас прокуратура жалған уағызшының Youtube арнасын бұғаттады Фото: russian.rt.com

Құқыққа қарсы контенті бар сайттарды тексеру мақсатында 2017 жылы "Киберқадағалау" жобасы іске қосылды, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар діни экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан астам веб-сілтемелерді бұғаттады.

"Мысалы, 2022 жылдың соңында Бас прокуратура халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жалған уағызшының "Youtube" бейнеконтентінің (шамамен 3 мың жазылушы және 5 мың қаралым) веб-сілтемесін бұғаттады", - деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе облысындағы ҰҚК Департаменті "Telegram" месенджері арқылы "қарулы" жиһад материалдарын таратқан "Б" азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Сот үкімімен аталған адам ҚК-нің 256-бабы (терроризді насихаттау) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу