Бас прокуратура: Жоғарғы Сот 2013-2020 жыл аралығында заңсыз сотталған 10 азаматты ақтады

517

Биыл Бас прокуратураның бастамасымен 199 сотталушының үкімі қайта қаралып, оның ішінде 20 адам ақталды. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Бас прокуратура: Жоғарғы Сот 2013-2020 жыл аралығында заңсыз сотталған 10 азаматты ақтады Фото: ATPress.kz

Бас прокуратура: Жоғарғы Сот 2013-2020 жыл аралығында заңсыз сотталған 10 азаматты ақтады

Биыл Бас прокуратураның бастамасымен 199 сотталушының үкімі қайта қаралып, оның ішінде 20 адам ақталды. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Біздің бастамамызбен 199 сотталушының үкімі қайта қаралып, оның ішінде 20 адам ақталды. Мәселен, Жоғарғы Сот Бас прокурордың наразылығы бойынша 2013-2020 жылдары заңсыз сотталған 10 азаматты ақтады. Сот сотқа дейінгі тергеу органдары қызметкерлерінің арандату белгілерінің бары туралы прокуратураның дәлелдерімен келісті", - деді ол брифингте. 

Тимур Тәшімбаевтың сөзінше, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау негізгі бағыттардың бірі болып қала бермек. 

"Үш буынды модель аясында прокуратура органдары тергеушілердің 400 мыңға жуық шешімін тексерді. Біз 25 мың заңсыз қаулыны келісуден бас тарттық. Нәтижесінде 2 мың азамат қылмыстық қудалауға негізсіз тартудан қорғалды", - деп атап өтті спикер.

Бұдан бөлек оның айтуынша, жыл басынан бері "изоляторлар мен қызметтік үй-жайларда заңсыз ұсталған мыңға жуық азамат босатылған".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу