Бас прокуратураның академиясы Ramada Plaza қонақүйіне көшірілуі мүмкін

1081

Бұл туралы Астана қаласының ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Сабыр Жүсіпбеков айтты.

Бас прокуратураның академиясы Ramada Plaza қонақүйіне көшірілуі мүмкін

Астана қаласының ішкі істер департаментін Ramada Plaza қонақүйіне көшіру әлі шешілмеген. Бұл туралы Астана қаласының ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Сабыр Жүсіпбеков әкімдікте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды elorda.info.

"Рамада Плаза" ғимараты қазіргі күні мемлекеттік мүлік комитетіне тиесілі. Оны бізге беру туралы мәселені әкімдік шешеді. Әкімдік жөндеу жұмыстарын жүргізуде, себебі ғимараттың бастапқы мақсаты қонақүй кешені болды, ал ІІД үшін ғимаратты қайта құру қажет. Егер ол берілген күннің өзінде, ертең көшіп келеміз деп айта алмаймын. Барлығы дұрыс болса, онда келесі жылдың ортасында ғана көшуіміз мүмкін", - деп түсіндірді ол.

Ол сондай-ақ, бұл ғимаратқа Бас прокуратураның академиясы көшуі мүмкін екенін атап өтті.

"Шешім қабылданды, бірақ әлі толық емес. Ғимаратты бас прокуратура да қажет етуде. Олар академиясын әкелгісі келеді. Онда мәжіліс залы, сынып бөлмесі, спорт зал және бассейн бар", - деп хабарлады С.Жүсіпбеков.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде ІІД-нің жаңа ғимаратын салу жобасы бар, бірақ ол үшін қаржы қарастырылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу