Бас прокуратураның құпия мәліметтері жұртқа жария болуда

1155

qamqor.gov.kz ақпараттар базасына қауіп төніп тұр. 

Бас прокуратураның құпия мәліметтері жұртқа жария болуда

Бас прокуратура сайты арқылы кейбір құпия мәліметтер жалпақ жұртқа жария болуда. Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы Facebook парақшасында осындай жазба қалдырды, деп хабарлайды  Atameken Business.

Әсіресе, qamqor.gov.kz ақпараттар базасына қауіп төніп тұр. Себебі ондағы қорғану жүйесі хакерлердің бұзуына оңай беріледі екен.

Мәлімметтер базасына қауіп төтіп тұрғанын айтып орталық құзырлы орынға бірнеше мәрте хат жолдапты. Бірақ оған назар аударған Бас прокуратура өкілдері болмаған. Демек, ондағы ІТ-мамандар "бәрін реттедік" деп басшылыққа өтірік есеп беретіні анық дейді.

Жалпы мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалуға тиіс. Себебі жеке азаматтардың басына қатысты ақпараттар үшінші қолға өтіп, коммерциялық құралға айналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу