Бас прокуратура Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы ақпаратты жоққа шығарды

849

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz

Бас прокуратура Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы ақпаратты жоққа шығарды

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке қатысты оның "Астана LRT" ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстанның премьер-министрі, Президент әкімшілігінің басшысы, Алматы мен Қазақстан астанасының әкімі, қорғаныс министрі болды. 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу