Бас прокурор Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысты пікір білдірді

263

Оқушының өліміне кім кінәлі?

Бас прокурор Ақтөбедегі оқушы өліміне қатысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы көз жұмған болатын. Оқушы өліміне қатысты Бас прокурор Берік Асылов желідегі парақшасына жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Ақтөбе облысы Қопа ауылында оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым. Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты орын алған, нәтижесінде жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірін ұруға мәжбүрлеген", – делінген Бас прокурордың ақпаратында.

Айта кетейік, оқушы өлімінен кейін облыстық білім басқармасында оқушылар арасындағы төбелес, жасөспірім өлімінің себеп-салдарын зерделеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу