Бас прокурор: Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың тұсында қабылданған жерге қатысты шешімдер тексеріледі

533

Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың тұсында жер учаскелеріне қатысты шешімдерге тексеру жүргізілмек деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокурор: Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың тұсында қабылданған жерге қатысты шешімдер тексеріледі Фото: zakon.kz

Заңсыз әрекеттер анықталса кінәлілер жауапқа тартылады. 

Бұл туралы бас прокурор Twitter парақшасында жазды.

Берік Асылов Медеу паркінде жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдеріне қатысты тексеру жүргізуді жергілікті прокурорға тапсырды. Бұл мәселені Мәжілісте депутат Азат Перуашев көтерген болатын.

Депутаттың айтуынша, Медеу табиғи паркінің 20 проценті тұрғын үй қорына берілген. Мұны парк басшылығына ешкім ескертпеген.

Заңгерлердің мәліметінше, жерді бөлу және мақсатын ауыстыру жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жобаларын келісіп жатыр дейді. Бұдан экология, жер және орман кодекстері бұзылып отыр. Азат Перуашев Президенттің Іле Алатаудың етегінде құрылыс салуға тыйым салу туралы тапсырмасы да еленбей жатыр деп мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу