Мәжіліс алаңында Бас прокурор Берік Асылов журналистердің "Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған негізгі адам Кәрім Мәсімов па?" деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Иә" деп айтуға болады", - деп жауап берді Бас прокурор.
Оған ҰҚК бастығының экс-орынбасары Самат Әбіш туралы сұрақ қойылды.
"Одан жай ғана куәгер ретінде жауап алынды", - деді Бас прокурор.
Бұл ретте ол қаңтар оқиғасы мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу