Бас прокурор: Қаржы пирамидаларын тергеу жұмыстары көңіл көншітпейді

669

Бас прокуратура қаржы пирамидаларына қатысты тергеу амалдарының лайықты деңгейде жүргізілмей жатқанына қапалы, деп хабарлайды Atameken Business.   

Бас прокурор: Қаржы пирамидаларын тергеу жұмыстары көңіл көншітпейді

Ведомство басшысы, тіпті, Ішкі істер министрілігінің жұмысында олқылықтардың барын ашық айтып отыр.

"Тексерістің сапасы төмен", – дейді Берік Асылов.

Санаққа жүгінсек, биыл мұндай ұйымдарды тіркеу дерегі 74 пайызға төмендеген. Ал "халықты алдап, ақша тапты" деген күдікке ілінгендер саны 50-ге жетті.

Есте болса, Үкімет заңсыз ұйымдарды қыспаққа алатын заңнаманы қыркүйек айында Парламентке жолдайды. Құжатта пирамидалардың көзін ашқандардың жазасын қатаңдату нормаларына өзгеріс енгізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу