Бас прокурор: Құқық қорғау органдары соңғы сәтке дейін шерушілерге оқ атқан жоқ

1198

Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қазақстандағы қаңтар оқиғасының тергеу барысы туралы баяндама жасады. Бұл ретте ол құқық қорғау органдары шабуыл жасағандарға соңғы сәтке дейін оқ атпағанын атап өтті.

Бас прокурор: Құқық қорғау органдары соңғы сәтке дейін шерушілерге оқ атқан жоқ

"Қауіпсіздік күштері шабуыл жасаушылардың көптігінен мұндай агрессияға тқтеп бере алмады. 18-20 жас аралығындағы полиция қызметкерлері мен сарбаздар соққыға жығылды, қорлық көрді. Ол күндері жараланғандардың 80%-ы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері болды. Бірақ сол кезде де шабуылшыларға оқ атылған жоқ. Қарулы күштер оларды соңғы сәтке дейін ұстауға тырысты. Бірақ олардың бұл әрекеті әлсіздік ретінде қабылданды", – деді Берік Асылов.

Оның пікірінше, аталған әрекеттердің түпкі мақсаты билікті күшпен басып алу болды.

"Азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін тәртіп сақшылары қару қолдануға мәжбүр болды", – деді Асылов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу