"Ертең, 4 маусымда сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жүргізу аяқталады... Бұл үгітке, соның ішінде қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялаумен ұштасқанға референдум өткізілетін күннің алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни а.ж. 4 және 5 маусымда тыйым салынады (Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағы). Осы күндері – үгітке тыйым салынған кезеңде ол жүргізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша жауаптылық туындайды", – дейді үндеуінде.
Сондай-ақ басқа біреу үшін дауыс бергендер және соған жол берген учаскелік референдум комиссиясы мүшесі ӘҚБтК-нің 108 және 110-баптары бойынша жауапқа тартылатынын жеткізді.