/img/tv1.svg
RU KZ
РТС 1 099,76 Hang Seng 24 251,27
FTSE 100 5 704,45 KASE 2 214,78
DOW J 22 658,48 Алтын 1 680,10
Бас Прокуратура митингіге байланысты үндеу жариялады

Бас Прокуратура митингіге байланысты үндеу жариялады

 «ҚДТ» экстремистік ұйымы бейбіт ұйым болып табылмайды.  

20 Ақпан 2020 18:22 190

Бас Прокуратура митингіге байланысты үндеу жариялады

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібіне сәйкес үндеу жариялады, деп хабарлайды prokuror.gov.kz.

«Конституцияның 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.

Осыған тектес қағида Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабында бекітілген.

Осыны ескере отырып, Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен регламенттелген.

Бас прокуратураның түсіндірулеріне қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішінде шетелден, сондай-ақ тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» («ҚДТ») экстремистік ұйымның жақтастары әлеуметтік желілерде ел тұрғындарын заңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруда.

М. Әблязовтың билікті күшпен құлатуға және басып алуға, әлеуметтік араздықты қоздыруға жария шақыруларына байланысты «ҚДТ» ұйымы сотпен Қазақстанның барлық ауамғында қызметіне тыйым салумен экстремистік деп танылғандығына (Астана қаласының Есіл аудандық сотының 13.03.2018 жылғы шешімі) назарларыңызды аударамыз.

Осылайша, «ҚДТ» экстремистік ұйымы бейбіт ұйым болып табылмайды.

Оның қызметіне кез келген қатысу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 (экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) және 405-баптарына (экстремизмді жүзеге асыруға байланысты оның қызметіне тыйым салу туралы соттың шешімі бар ұйымның қызметіне қатысу) сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Бұдан басқа, бұқаралық іс-шараны өткізуге рұқсат алғанға дейін оны ұйымдастырушының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернетте немесе өзге де ақпараттық желілерде оның өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы жариялауға құқығы жоқ. Сондай-ақ, олардың осы мақсатта парақшалар, плакаттар және өзге де осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ.

Аталған ережелерді бұзу ұйымдастырушының ӘҚБтК-нің 488-бабының 3-бөлігі бойынша жауаптылығына әкеп соғады.

Басқаша айтқанда, 2020 жылғы 22 ақпанға заңсыз акцияларды ұйымдастыруды және өткізуді бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданатын болады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы – Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, онда кінәлі адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылады (Қылмыстық кодекстің 400-бабы – заңсыз акцияны ұйымдастыру немесе қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы №273-VІ ҚРЗ Заңымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте 2019 жылғы желтоқсаннан бастап кәмелетке толмаған адамды заңсыз жария акцияларға тартқаны, сол сияқты оны қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандарында пайдаланғаны үшін жауаптылық енгізілгенін түсіндіреміз.

Осы құқық бұзушылық үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабының 2-бөлігі бойынша жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау көзделген.

Осыған байланысты, кез келген адамның рұқсат етілмеген жария іс-шараларды ұйымдастыру немесе оған қатысу жөніндегі іс-әрекеттерінің жолын құқық қорғау органдары заңмен көзделген жауаптылық шараларын қабылдай отырып, кесетін болады.

Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады».

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Бас прокуратура заңсыз митингілерге шықпауға шақырды

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев Қазақстанда экстремистік деп танылған ұйымның халықты кезекті заңсыз акцияларға қатысуға шақыруына орай үндеу жариялады.  

15 Желтоқсан 2019 15:43 356

Бас прокуратура заңсыз митингілерге шықпауға шақырды

Бас прокуратураның түсіндіруіне және әкімшілік ықпал ету шараларына қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішінде шетелден әлеуметтік желілер арқылы халықты алдағы мерекелерде заңсыз митингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруда, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Бұл адамдар «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның (бұдан әрі - заң) талаптарын айқын бұзуда.

Атап айтқанда, жоспарланған митинг туралы хабарланғанға дейін ұйымдастырушылар белгіленген күнге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бермеген.

Онда олар: іс-шараның мақсаты, нысаны, өткізілу орнын немесе қозғалыс бағыттарын, оның басталу және аяқталу уақытын, қатысушылардың болжамды санын, ұйымдастырушылардың және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың сауалнамалық деректерін көрсетілуі тиіс болатын.

Бұл міндетті талаптар акция қатысушыларының өздерінің, сондай-ақ басқа да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана бағытталған.

Сонымен қатар, рұқсат алғанға дейін ұйымдастырушы мен басқа да тұлғалардың митинг туралы жариялауға, оған қатысуға шақыруға, сондай-ақ осы мақсатта парақшалар, плакаттар және басқа да осындай материалдарды дайындауға және таратуға құқығы жоқ екеніне назар аударамыз.

Басқаша айтқанда, 16 желтоқсанда заңсыз акцияларды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы – бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнаманы бұзу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылық туындайды (қылмыстық кодекстің 400-бабы – санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

Әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар осындай акцияларды қолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежеде қолданылатын болады.

Осыған байланысты, Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады.

Жоғалған альпинистердің туыстары үміт үзбей отыр

Алматы қаласының альпинизм федерациясы «Победа» шыңында жоғалып кеткен альпинистерді аман табу неғайбыл екендігін мәлімдеді. 

21 Тамыз 2019 12:05 415

Жоғалған альпинистердің туыстары үміт үзбей отыр

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бортында Василий Пивцов пен Мақсұт Жұмаев бастаған құтқару тобы бар Қазақстанның әскери тікұшағы «Победа» шыңын толық шарлап шыққан. Алайда альпинистерден еш белгі байқалмаған. Тікұшақ бүгін соңғы рет іздеуге аттанады. Тіршілік белгісі байқалмаған жағдайда, құтқару жұмыстары тоқтайды.

Ал Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтің туыстары үміт үзер емес, олар іздестіруді тоқтатпауды сұрап отыр. Тіпті Президентке де үндеу жолдаған. 

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, ішкі істер министрі Ерлан ЗаманбекұлыТұрғымбаевқа және қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа іздестіру жұмыстарын тоқтатпауды сұрап, үндеу жолдаймын. Менің жолдасым тәжірибелі альпинист болғандықтан,  оларды аман-есен табу ықтималдығы жоғары. Біздің төрт баламыз бар, оның екеуі кәмелет жасына толмаған. Олар әкесін күтіп отыр», – дейді Мұрат Өтепбаевтің жары Шахаризад Шахбутова.

Іздестіру жұмыстарына тепловизорлар да пайдаланылған. Алайда альпинистердің туыстары бұл құрылғы күндізге қарағанда, түнгі уақытта жақсы көмектесетіндігін айтады. Ол үшін түнде ұшуға рұқсат берілуге тиіс. 

Ал альпинистердің жоғалған күнінен бастап оқиғаны жіті қадағалап отырған Алматы қаласы  альпинизм федерациясы Фейсбуктегі парақшасында: «Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті тірі күйінде табу мүмкіндігі жоқ», – деп жазды.

«Өкінішке қарай, альпинистерді тірі күйінде табу мүмкін емес. Оны мойындауымыз керек. Тікұшақ бүгін аспанға көтеріліп, соңғы рет шыңды айналып шығады. Одан кейін құтқару-іздеу жұмыстары тоқтайды. Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев, Александр Чечулиннің туыстарына көңіл айтамыз. Бұл қазақстандық альпинизм үшін орны толмас қайғы», – делінген федерацияның Фейсбуктегі парақшасында.

Құралай Құдайберген

Жаңалықтарға жазылу: