Бас санитар: 4 облыста қосымша карантин шараларын енгізу қажет

1264

Коронавирус таралуының қарқыны 11 пайызға түсті.

Бас санитар: 4 облыста қосымша карантин шараларын енгізу қажет

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбаетова коронавирус көп тіркелген бірнеше облыста қосымша шектеулер енгізу керектігін айтты.

"Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың өсімі 10-11 пайыздың маңайында. Дей тұрғанмен, кейбір өңірлерде өсім жоғары екеніне назар аударған жөн. Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында індеттің өршуі байқалып отыр. Бұл аталған облыстарда бұған дейін қабылданған каранитиндік шектеулерді күшейтіп, қосымша шектеулер енгізу қажеттігін және оны қатаң сақтау керектігін көрсетіп отыр", – деді бас санитар.

Оның айтуынша, ел аумағында коронавирусқа шалдыққан 604 науқас тіркелсе, оның 231-і – Нұр-Сұлтан қаласында, 116-сы Алматыда емделіп жатыр. Ал Қарағанды облысында – 48, Қызылорда облысында – 37, Атырау облысында – 29, Түркістан облысында және Жамбыл облыстарында 28 адам коронавирус жұқтырған. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу