Бас санитар дәрігер халыққа қалай наурызды атап өту керек екенін айтты

906

Ол адам көп жиналатын бұқаралық шараларға бармауға кеңес береді.  

Бас санитар дәрігер халыққа қалай наурызды атап өту керек екенін айтты

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қазақстандықтарға пандемия кезінде наурызды қалай атап өтуге болатыны туралы айтты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Әр адам жеке денсаулығына мән беруі керек. Сондықтан, біз әсіресе "қызыл", "сары" аймақ тұрғындарына бұқаралық шараларға барынша бармауға кеңес береміз. Мұндай шараларға тұрғындар көп жиналып, ауруды тарату қаупін арттырады", – деді Ерлан Қиясов.     

Сонымен қатар, бас санитар дәрігер "жасыл" аймақтағы өңірлерге іс-шараларға адамдардың мейлінше аз жинауға, негізгі іс-шараларды онлайн-режимде өткізуге кеңес берді.

"Аймақтарға нақты ұсыныстарды бердік. Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты бас мемлекеттік санитар дәрігерлерге іс-шаралардың ауқымын анықтау құқығын бердік. Сонымен қатар, қоғамдық шараларға барудың қатері жоғары екенін есте ұстау керек", – деді Ерлан Қиясов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу