Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

1439

Жаңа қаулыға сәйкес, медицина қызметкерлері ауырғанда, ал медициналық университеттер мен колледж студенттері өндірістік тәжірибеден өтпес бұрын коронавирустың бар-жоғына тест тапсыруға тиіс.

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

2021 жылдың 25 наурызындағы №12 қаулыға сәйкес:

1) Қазақстан азаматтарының шет елдерде демалысын ұйымдастыру кезінде Қазақстанға COVID-19 вирусының әкелінуінің алдын алу жөнінде қосымша шаралар қабылданады;

2) Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етуі тиіс;

3) Карантинді жеңілдеткен кезде жалпы білім беретін мектептердің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етілуі тиіс;

4) Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағанда, медициналық ЖОО-лар мен колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканың басталуы алдында 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама беруі тиіс; 

5) 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында: 
– республиканың барлық өңірлерінде:

контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптағы бала саны 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

– тәуекелі төмен және орташа аймақтардағы (жасыл және сары аймақтар) жалпы білім беретін мектептерде барлық сынып оқушылары үшін (балалар саны 25 адамнан аспайтын) аралас форматта оқытуға; 

– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде: 

жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып аралығында, халықаралық мектептерде 1-7 сынып аралығында, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін (сыныптағы балалар саны 25 адамнан аспайтын) аралас форматта оқытуға; 

оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі (сыныптағы оқушының саны 15-тен аспауы керек, "1 сынып – 1 кабинет" қағидаты сақталуы тиіс және маска тағу міндетті).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу