Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус науқастарын экспресс-диагностика арқылы анықтау басталды. Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова тестің мұндай түрімен кімдер қамтылатынын түсіндірді.
"Коронавирус инфекциясын анықтаудың негізгі тәсілі – экспресс диагностика болып отыр. Эксперсс диганостика скрининг әдісімен жұмыс істейді. Яғни ағзада антиденелердің бар-жоғын анықтап, ауруды өткеру туралы мәлімет белгілі болады. Бүгінде елімізге 96 мың тест әкелінді. Мұндай тестілеу Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүреді. Орта есеппен тәулігіне 500-ден 1000-ға дейін тест жүргізу жоспарланып отыр. Менің қаулым бойынша экспресс тестілеуге қатысатын тұлғалардың санаттары белгіленді. Бұл – жедел жәрдем қызметінің медициналық мамандары, жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері бар, емханаға жатқызылмаған науқастар, коронавирус науқастарымен байланыста болған адамдар және Қазақстан аумағына теміржолмен, көлікпен өткендер. Төтенше жағдай режимінде тікелей жұмыс істеп жүген жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орган қызметкерлері де осындай диагностикадан өтеді", – деді Айжан Есмағамбетова.
Есжан Ботақара