Бас санитар: Вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды

508

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бас санитар: Вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды Фото: unicef.org

"Тұмаудан басқа, елімізде өзге де вирусты инфекциялар анықталды. Олар: риновирусты, ресвирусты, аденовирусты, бокавирусты, метапневмовирусты және парагрипп. Республикамызда жіті респираторлық вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанудың артуын, коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақты екендігін ескере отырып, сайлауды өткізу кезінде сайлау комиссиясы мүшелері бетперде тәртібін сақтауы, бір рет қолданылатын бетпердені әр 3 сағат сайын алмастыруы қажет", - деді вице-министр бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның атап өтуінше, халықтың көп жиналуын болдырмау үшін барынша кең бөлмелерді пайдалану қажет.

"Бөлмелерді желдету жүйесі үзілсіз жұмыс істеуі керек. Ал жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шараларды өткізу алдында бөлме ауасын тазарту қажет", - деді Айжан Есмағамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу