Бас жүлде – 5 миллион теңге: Ертең "Almaty Ustazy" байқауының финалы өтеді

368

Байқаудың 7 жеңімпазына халықаралық білім беру тағылымдамасынан өтуге мүмкіндік беріледі.  

Бас жүлде – 5 миллион теңге: Ертең "Almaty Ustazy" байқауының финалы өтеді Фото: gov.kz

16 қыркүйекте Наурызбай ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында жас педагогтер арасында өтетін "Almaty Ustazy" қалалық байқауының финалы өтеді. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Байқаудың мақсаты – талантты әрі креативті педагогтерді анықтау, озық педагогикалық тәжірибені тарату және мұғалім мамандығының беделін арттыру. "Almaty Ustazy" педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына, заманауи әдістемелер мен білім беру технологиясын меңгеруіне мүмкіндік беретін алаңға айналды.

Байқау Алматыда алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде оған 36 жасқа дейінгі 10 мыңға жуық жас педагог қатысты.

Биыл байқауға қатысуға 984 педагог өтінім берген. 

Финал қорытындысы бойынша 7 жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысына шетелдегі жетекші білім беру ұйымдарында халықаралық білім беру тағылымдамасынан өтуге мүмкіндік беріледі. Бас жүлде иегеріне 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Сонымен қатар ол халықаралық тағылымдамаға қатысады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Мұғалімдер күніне орай Республика сарайында өтеді.

Финалдың өтетін күні мен уақыты: 16 қыркүйек, сағат 09:00-де.

Өтетін орны: Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы, Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданы, 347/4.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу