Бас жүлде Айбек Нұғымаровқа бұйырды

834

Бас жүлде Айбек Нұғымаровқа бұйырды

Қазақша күрестен Атырауда өткен ашық республикалық турнирде бас жүлде шығыс қазақстандық палуан Айбек Нұғымаровқа бұйырды, деп хабарлайды atpress.kz.

Қазақстанның барлық облыстарынан 18 спортшы және Грузия елінің палуандары қатысқан байрақты бәсекеде екінші орынды алматылық палуан Дәурен Нұралинов иеленіп, 1 миллион теңгені қанжығасына байлады. Үшінші орынды қарағандылық Ержан Шынкеев пен алматылық Руслан Абдразақов өзара бөлісіп, әрқайсына 500 мың теңгеден ақшалай жүлде табысталды. 

"Қазіргі уақытта Атырау облысында ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді, солардың бірі қазақша күрес. Жарысқа "Қазақстан барысы" және "Әлем барысы" турнирлерінің жеңімпаздары қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті", — деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу