Бас жүлде алған екі ақынға 2 млн теңгеден табысталды

1975

Қарағандыда қоғамдық және саяси қайраткер, ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтті.

Бас жүлде алған екі ақынға 2 млн теңгеден табысталды

Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына орайластырылған салтанатқа қатысып, ақындарға қолдау көрсету үшін Қарағандыға Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы келді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Бірінші күні жеті сағатқа созылған бақталаста 9 жұп жарысты, олардың 7-уі ақтық сайысқа өтті.

Бас жүлдені Мақсат Аханов және Жандарбек Бұлғақов иеленді. Олардың әрқайсысына 2 миллион теңге сомасында ақшалай сыйлық берілді.

Бірінші орын мен миллион теңге сыйлығын қазылар алқасы Өміржан Көпбосыновқа және Бауыржан Шермединұлына табыстады.

Екінші орынға үш иегер анықталды: Дидар Кәмиев, Мұхтар Ниязов және Төлеген Жаманов.

Үшінші орынды бес ақын өзара бөлісті: Айбек Қалиев, Бүркітқазы Әділбек, Әсем Ережекқызы, Бекарыс Шойбеков және Нұрмат Мансұр. Тиісінше, ақшалай жүлде 500 және 300 мың теңгені құрады.

Сәкен Сейфуллин қорының арнайы сыйлығына Жеңісбек Тоқтабеков ие болды.

Айтыстың ең жас қатысушысы Жұлдызай Маратбековаға Асанәлі Әшімов қорының арнайы сыйлығы берілді.
Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу