Бас жүлдегер 1 млн теңге жеңіп алды

1140

Бас жүлдегер 1 млн теңге жеңіп алды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Мемлекеттік тіл және БАҚ" атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

Биылғы байқауға төрт аталым бойынша 200-ге жуық материал түсті. Бағы мен бабын сынаған 80 журналистің арасынан "Үздік мақала" аталымында бірінші орынды Нұрлыбек Сафин жеңіп алды. Екінші орынды "Егемен Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Азамат Қасым иеленді. Үшінші орын М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің деканы Әзімхан Ыбырайымға бұйырды.

"Үздік телебағдарлама" аталымында "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының қызметкері Серік Жұмабек топ жарса, екінші орын осы телеарнадағы "Мәселе" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Нартай Аралбайұлына бұйырды. Үшінші орынды "Сарыарқа" телеарнасының тілшісі Гүлбақша Ақажанова еншіледі.

"Үздік радиобағдарлама" аталымында қазақ радиосының журналисі Ербол Алшынбай алдына қара салдырмады. Екінші орын журналист Әсемгүл Аманжолға табыс етілсе, үшінші орынды "Шалқар" радиосының тілшісі Талант Арғынғали алды.

"Үздік сайт мақаласы" аталымында Мадияр Арыстанбаевтың бағы өрлесе, екінші орынды журналист Еркеғали Бейсен иеленді. Үшінші орын Қымбат Елтайқызына берілді.

Байқаудың бас жүлдесі публицист-ғалым, журналист-зерттеуші Жарылқап Бейсенбайұлының қанжығасына байланды.

"Еліміздегі алғашқы латынша сайт қалай ашылды?" және "Терминологиялық тәжірибе тәлімдері" атты мақалаларымен топ жарған жеңімпазға 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу