Бәсекелестік артуда: Қазақстан бидайды қай елге экспорттайды?

Ресей санкцияға байланысты бидай сатуды шектесе, Қазақстан оны қайда экспорттайды? 

Бәсекелестік артуда: Қазақстан бидайды қай елге экспорттайды? Фото: inbusiness.kz

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ төрағасының орынбасары Самат Тенбаев жауап берді.

 "Шынымен де, соңғы екі-үш жылда біз Қазақстанның дәстүрлі нарықтарында бидай, өңделген өнімдерді сату бойынша бәсекелестіктің күшеюін байқадық, әсіресе Орталық Азияда. Біз ол жаққа 5 млн тоннаға дейін жөнелтеміз. Бәсекелестікке байланысты сәуір айынан бастап Қытай нарығын ашу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде", - деді Самат Тенбаев.

Оның айтуынша, бидай жеткізудегі басты шектеу – өткізу қабілеті.

"Жарты жылда жарты млн тоннаға жуық жөнелтілді. Бұл тек Азық-түлік корпорациясы ғана емес - әлемдік нарықтың барлық қатысушылары. Орталық Азия нарығы үшін күресу керек, бұл біздің ең жақын көршілеріміз", - деп түсіндірді ұлттық компания төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу