Бәсекелестік жағдайының цифрлық аналитикалық картасы жасалады

692

Монополияға қарсы орган осылайша өз қызметін цифрландырмақ.

Бәсекелестік жағдайының цифрлық аналитикалық картасы жасалады

Бұл туралы VIII Еуразиялық монополияға қарсы форум барысында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Монополияға қарсы орган өз қызметін цифрландырады. Ұлттық статистика бюросымен ҚР Стратегиялық жоспарлау мен реформалар агенттігімен бірге бәсекелестік жағдайының цифрлық аналитикалық картасы жасалады. Бұл ықтимал тәуекелдерді нақты уақыт режимінде бақылауға және алдын алуға мүмкіндік береді. Агенттік сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Заңнамалық деңгейде көрсетілетін қызмет алушылардың ұсынатын құжаттарының қысқаруына мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіледі", – деді агенттік төрағасы.

 

Жиынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген Марат Омаров мобильді байланыс операторларының бірі осы жылдың соңына дейін "Қазақтелеком" АҚ құрылымынан бөлініп шығуы керектігін атап өтті. "Яндекс.Такси" корпорациясына үстемдікті теріс пайдалану фактісі бойынша монополияға қарсы тергеу жалғасуда және оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Сондай-ақ Марат Омаров таңбалау операторын реттеу шарасын күшейту немесе оны мемлекет меншігіне өткізу қажеттігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу