Төрағаның мәлімдеуінше, бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында краудсорсинг алаңдарын ашты. Open Space пікір алмасудың ашық диалог алаңында қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша 220-ден астам сессия өткізді. Еліміздің 17 өңірінде тосқауылдарға қарсы кеңес құрды.
"Бүгінгі күннің негізгі міндеті – мемлекеттің экономикадағы рөлін айқындау. Бұл ретте, бәсекелестікті дамыту бойынша үш негізгі реттеуші кедергі анықталды. Біріншіден, бұл негізгі қуатқа қол жеткізу, бағаны бұрмалау, сондай-ақ жебеушілік немесе фаворитизм. Негізгі қуатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – маңызды міндет болып отыр. Бұған магистралдық теміржол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, әрі қарай өңдеуге арналған бастапқы металдар, теңіз порттары, дәрі-дәрмек өндіруге арналған заттар, өндіріс технологиялары жатады. Біз негізгі қуатқа қол жеткізу принциптерін айқындадық: ақылылық, транспаренттілік, жеделділік, мүмкіндік, басым жағдайға ие болу", – деді үкімет отырысында Серік Жұманғарин.
Қанат Махамбет