Бәсекелестікті қорғау агенттігі Президентке ғана бағынышты орган болмақ

636

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттіктің міндеттерін атады.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі Президентке ғана бағынышты орган болмақ

Мұнай өнімдері, электр энергиясы, көмір нарығында бәсекелестікті қорғау үшін Президентке тікелей бағынатын агенттік құрылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді.

"Бәсекелестік саясаты маңызды рөлге ие болып келе жатыр. Бәсеке алаңын барынша түрлендіріп, әр  кәсіпкерге шынымен де бірдей мүмкіндік беру, нарықты монополияға айналдыруды доғару қажет. Көптеген нарықтық табыс көздерінің нарыққа қайшы тәсілдермен құрсауланғаны жасырын емес. Кәсіпкерлер нарыққа ене алмай жүр. Енген күннің өзінде жеке монополистерге бағынуға мәжбүр. Бәсекелестікке қайшы көріністер барлық жерде сақталып келеді. Көмір, электр энергиясы, мұнай өнімдері, байланыс, фармацевтикалық препараттар, әуежай қызметі, ТКҮШ қызметі, логистика нарығы деп санамаласақ, тізімді жалғай беруге болады. Өңірлік деңгейде коммерциялық табыстың басты көзі әкімшілік ресурс болып қалуда. "Монополис ойыншылар" деп атауға болатын мемлекеттік және жеке монополистердің мәселесін біржақты ету керек. Олар қандай жағдайда, қандай қалыпта құрылатынын, табыс қалай жұмсалатынын көрсететін нақты ереже бекітілуі қажет", – деген Мемлекет басшысы мәселені шешудің нақты тетігін де өзі айтып берді.

"Биржа саудасында да тәртіп орнату қажеттігі туындап отыр. Бірінші кезекте мұнай өнімдері, электр энергиясы, көмір саласында. Ірі ойыншылар тарапынан жасанды ашықтық көрсетуге жол жоқ. Сондықтан бәсекелестікті қорғап, қамтамасыз ететін күшті әрі тәуелсіз орган керек. Президентке тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын", – деді ол.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу