Бәсекелестікті қорғау қызметі мемлекеттің бизнестегі үлесін азайту жолдарын ұсынды

711

Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік меншікке салалық талдау жүргізу ұсынылады. 

Бәсекелестікті қорғау қызметі мемлекеттің бизнестегі үлесін азайту жолдарын ұсынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда коммерциялық профильдегі 2 мыңнан астам кәсіпорын (АҚ, ЖШС) жұмыс істейді.

"Олардың саны 347-ден 242-ге дейін қысқарғанына қарамастан, бұл реттеуші құрал мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысу деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, өйткені оның негізгі қызметке ықпалы төмен", – деді ол. 

Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік меншікке салалық талдау жүргізу ұсынылады.

"Мемлекеттің саладағы үлесін төмендету үшін негізгі талаптар: ШОБ үлесі, салаға тартылған жеке инвестициялар көлемі, жеке кәсіпкерлердің бөлшек сауда айналымы және т.б. Мысалы, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар деңгейінде стоматология, күзет компаниялары, көлік қызметі, абаттандыру кәсіпорындары және өзгелері жекешелендірілуі тиіс", – деп түсіндірді Рустам Ахметов. 

Үкіметтің қатысуын төмендетудің тағы бір жолы ретінде мемлекеттік тапсырмаларды қысқарту ұсынылды.

"Статистика көрсеткендей, мемлекеттік тапсырыстарға бөлінетін қаражат көлемі жылдан жылға өтуде. Мәселен, 2018 жылы 171 млрд теңгеден 2020 жылы 378 млрд теңгеге дейін. Ұсынылған тізім бәсекеге қабілетсіз тауарларды сатып алудың өсуін шектеуге және оны одан әрі төмендетуге құқықтық негіз қалыптастыруға көмектеседі. Заң жобасында ұсынылған мемлекеттік тапсырмаларды қысқартудың нәтижесінде қазірдің өзінде 30 млрд теңге үнемделеді деп күтілуде", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу