Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 5G аукционына қатысты түсініктеме берді

Бұл ұялы байланыс нарығын монополиялауды күшейді деп хабарлады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 5G аукционына қатысты түсініктеме берді Фото: ortcom.kz

"Өткен аукционды қорытындылай келе, БҚДА өз тарапынан радиожиілік спектрін конкурс өткізіп бөлу - мемлекеттің шектеулі ресурсына қолжеткізу ісінде тең жағдай ұсынылды деп санайды.

Конкурстың арқасында елімізде 5G инфрақұрылымын енгізу бойынша жұмыс басталды, ал мемлекеттік бюджет 156 млрд. теңге көлемінде сомамен толықты.

Сонымен қатар, 5G жиіліктерін бөлу бойынша соңғы аукционның қорытындысында жиіліктер Қазақтелеком компаниялар тобына берілді. Ал бұл ұялы байланыс нарығын монополиялауды күшейтіп, нарықта жаңа ұялы байланыс операторының пайда болуына және 5G инфрақұрылымына жеке инвестициялардың құйылуына кедергі болды.

"Сондықтан Агенттік байланыс саласындағы уәкілетті органның 5G жаңа жиіліктерін тезірек "босатып", оларға осы жиіліктерді алған компаниялардың қатысуын шектей отыра, жаңа байқау ұйымдастыру қажеттілігі туралы ұстанымын қолдайды. Нарықты монополиядан арылту және конкурсты ұйымдастыру бойынша БҚДА қажетті ұсыныстар берді", – деп хабарлады агенттік.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу