Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы тағайындалды

562

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Исаков Алмас Серікұлы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы inbusiness.kz агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы тағайындалды Фото: gov.kz

Алмас Исаков 1985 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен Ұлыбританиядағы Экзетер университетін бітірген (University of Exeter), "Болашақ" Президенттік бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті маманының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

2010 - 2012 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2012-2014 жылдар аралығында - ҚР Қаржы министрлігі мен Экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарын атқарған.

2015 жылдан 2019 жылға дейін салық және кеден саясаты Департаменті салық саясаты басқармасының басшысы, кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылы Ақпараттық-талдау орталығының жедел талдау секторының меңгерушісі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2019 - 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің стратегия департаментінің директоры ретінде еңбек еткен.

2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің қаржы нарықтары секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу