Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

441

Сондай-ақ  Бас прокуратурада, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде,  Денсаулық сақтау министрлігінде кадрлар ауысты.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;

Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;

Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;   

Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Сонымен қатар Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу