Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад отбасымен Мәскеуге қашып келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
"Асад отбасымен Мәскеуге келді. Ресей оларға баспана берді", – деп жазды ТАСС агенттігіне Кремльдегі дереккөз.
Айта кетейік, Сирияның қарулы оппозициясы ел астанасы Дамаскіні жаулап алғанын, ал президент Башар Асад елден қашқанын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу