Башқұрт астанасына тікелей рейс ашылуы мүмкін

1748

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесу өткізді. Келіссөз барысында аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Жайық (Орал) трансшекаралық өзенінің ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп жазады inbusiness.kz

Башқұрт астанасына тікелей рейс ашылуы мүмкін

Үкімет басшысы Қазақстанның Башқұртстанмен сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салалардағы ынтымақтастығын арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.
2021 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2% өсіп, шамамен $200 млн-ға жетті.

Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Радий Хабировтың Қазақстанға сапары аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен кездесуі, Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысуы, АХҚО және Үкіметтің Цифрлық офисіне баруы жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу