Башқұртстан басшысы Қазақстанға келеді

471

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Башқұртстан басшысының Қазақстанға алдағы сапары туралы айтты.

Башқұртстан басшысы Қазақстанға келеді Фото: kremlin.ru

 "2024 жылдың 23-24 қаңтарында Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров Астанаға келеді. Сапар барысында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы жұмыс тобының отырысына қатысады.", - деді Айбек Смадияров.

Күні кеше БАҚ Башқұртстандағы жаппай тәртіпсіздік туралы хабарлады. Ресейдің Тергеу комитетінің Башқұртстан Республикасы бойынша тергеу басқармасы Баймақ қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу