Басқа қалаларға ұшақ қашан қатынайды?

1404

Алғашқы рейстерге мұқият мониторнг жүргізіледі.

Басқа қалаларға ұшақ қашан қатынайды?

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов әуе рейстерін жандандырудың тәртібін түсіндірді.

"Қайта жанданған сапараларға жіті мониторинг жүргіземіз. 5-7 күннің ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қатынаған жолаушылардың арасында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмесе, Қазақстанның басқа қалаларында да ұшақ рейстерін жандандыру мәселесін қарастырамыз. Мониторинг нәтижесінде ауру жұқтыру байқалмаса, карантиндік шараларды жеңілдету мәселесін де қараймыз. Яғни, мониторинг нәтижесіне байланысты әрі қарай халықаралық рейстерді жандандыруды да ойластырамыз. Бәрі де санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты", – деді Сәдуақас Байғабылов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу