Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Демеу Жадыраев жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсіп, Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы орайда қырғыздар қазақ спортшысына ерекше қолдау білдіріп, алтын бөтенге кеткенше, өзіміздің бауырымыз алсын деген пікір қалдыруда.
"Басқалар жеңгенше қазағым жеңсін", "Ұтылса, қазақ туғанына ұтылды. Ағасына ұтылды. Қазаққа алтын медаль бұйырсын! Ақжол алда жеңістерге жетеді", "Жеңіс құтты болсын, туғандар. Шын жүректен құттықтаймыз! Біз бір елміз!", "Қазақстан, алға! Демеу чемпион болуы керек", - деп жазған қырғызстандықтар.