Бүгін Астана уақытымен сағат 23:35 Алматы қаласының халықаралық әуежайына Ашхабад – Алматы рейсімен жабық алаңда өтіп жатқан V Азия ойындарының жеңімпаздары мен қатысушылары келеді, – деп хабарлайды Qsport.kz.
Олар: Айбек Нұғымаров, Әділжан Ыстыбаев, Қасымхан Түленбай, қазақ күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Ерлан Естек, Алматы қаласының қазақ күресінен бас бапкері Бауыржан Тәліп.
Естеріңізге сала кетсек, қазақ палуандары Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті. 91 келіден жоғары салмақта Айбек Нұғымаров финалдық кездесуде қырғызстандық Тілек Куваловты жеңсе (0(10) – (0(0), алматылық палуан Қасымхан Түленбай 70 келіге дейін салмақ дәрежесінде түркіменстандық Исанмұрат Атаевты тізе бүктіріп 0(7) – 0(0), Азия ойындарының чемпионы атанды.
Сонымен қатар 90 келі салмақта Әділжан Ыстыбаевта жүлдесіз қалмады, ол қола жүлдеге таласта, ирандық Али Мехдизадахты ұтты (0(10) – (0(0).