Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының басқарма басшылары пара алғандарын мойындады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласындағы жүйелі түрдегі құқықбұзушылықтарды анықтады. Қол астындағы қызметкерлер мен кәсіпкерлерден пара алған Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі М.Оңғарбеков және Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қадыр әшкереленді. Аталған лауазымды тұлғалар өз айыптарын толықтай мойындады", – делінген хабарламада.
Өтініш хаттары бойынша Ұлттық бюро М. Оңғарбеков пен М.Қадырға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген тәртіпте жүргізетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу