Мұрат Нұртілеу ведомство ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Марат Омаровтың әртүрлі жауапты лауазымдарда мол тәжірибе жинағанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Мұрат Нұртілеу қазіргі уақытта ведомство қызметінің алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған маңызды міндеттер тұрғанына баса мән берді.
Атап айтқанда агенттік әділ бәсекені дамыту және қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, экономиканы демонополизациялауға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектеу жұмысына бар күш-жігерін жұмылдыруы тиіс.
Сөз соңында Президент Әкімшілігінің басшысы агенттік ұжымына табыс тіледі.