Баскетболдан Біріккен ВТБ лигасы коронавирус пандемиясына байланысты маусымды тоқтатты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Коронавирус пандемиясының кесірінен Біріккен ВТБ лигасы аясындағы барлық ойындар 13 наурыздан бастап уақытша өтпейтін болды. Әлемдегі жағдайды ескере отырып, ұйым басшыларының 2019/2020 жылғы маусымды ерте жабуына тура келген.
"Біріккен ВТБ лигасы ұйымдастырушылары үшін бірінші орында әрдайым спортшылардың денсаулығы, олардың қауіпсіздігі маңызды",– делінген ресми ақпаратта.
Айта кетерлігі, елордалық "Астана" клубы аталған ойын аясындағы матчтарды көрерменсіз өткізуді жоспарлаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу