Баспадағы көрсетілетін қызметтер көлемі 16 млрд теңгеден асты

1018

Ең жылдам дамып келе жатқан сегмент – компьютерлік ойындар басылымы.

Баспадағы көрсетілетін қызметтер көлемі 16 млрд теңгеден асты

2021 жылғы қаңтар-маусымда баспа саласындағы қызметтер көлемі 16,2 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылы сектордағы қызметтер көлемі 14,4 млрд теңге еді. 

Саладағы қызметтер көлемінің 61%-ы Нұр-Сұлтан (5,1 млрд теңге) және Алматыда (4,8 млрд теңге) көрсетілген. Шымкентте қызмет көрсету көлемі 208,5 млн теңгеге жетті.
Сектордағы қызметтердің жартысына жуығы газет шығару үлесінде: 7,5 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға аз).

Сондай-ақ журналдар мен мерзімді басылымдарды басып шығаруға (2,2 млрд теңге) және кітаптарды басып шығаруға (1 млрд теңге) айтарлықтай көлем тиесілі.
Компьютерлік ойындарды шығаруда жылдық өсім байқалды – 2,9 млн теңгеден 62,1 млн теңгеге дейін.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу