2023 жылдың бірінші жартыжылдығында баспа компаниялары көрсеткен қызмет көлемі 23,7 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 8,8% өскен.
Осылайша, алты ай ішінде көрсетілген қызметтер ішінде газет басу ісі ең көлемді болған – 9,9 млрд теңге. Журналдар мен мерзімді басылымдар баспасы бойынша көрсетілген қызмет сомасы 2,7 млрд теңгені құрады. Қызмет көлемінің ең азы кітап шығарушыларда, жарты жылдағы көлем 1,1 млрд теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу