Баспалдақтан құлап кеткен оқушының жағдайы белгілі болды

762

Бүгінгі таңда бала қалалық ауруханада жатыр. 

Баспалдақтан құлап кеткен оқушының жағдайы белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласының Білім басқармасы баспалдақтан құлап кеткен оқушының жағдайына қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатқанда баспалдақтан құлаған. Баспалдақтың қоршауы бар. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында. Жағдайы қалыпты, есін жоғалтқан жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек басқарманың хабарлауынша, мектеп баспалдақтарында қоршаулары бар. 

"Білім басқармасы мектеп директорына қатысты шара қабылдау туралы мәселені қарайтын болады", - деп хабарлады ведомство

Айта кету керек, осыған дейін  елордалық оқушы баспалдақтан құлап кетіп, комаға түскенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу