"Баспана" 200 миллиард теңге көлеміндегі облигацияларын сатылымға шығармақ

864

2018 жылы "Баспана" құнды қағаздарын екі рет саудаға қойған болатын.

"Баспана" 200 миллиард теңге көлеміндегі облигацияларын сатылымға шығармақ

"Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ биыл 200 млрд теңге көлеміндегі облигацияларды сатылымға қояды, деп хабарлайды abctv.kz.

2018 жылы "Баспана" құнды қағаздарды екі рет саудаға шығарды. Қор биржасына орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы көлемі 40 млрд теңгені құрайды", ­– дейді компаниядан.

Ұлттық банктің еншілес құрылымы 10 млрд көлеміндегі алғашқы құнды қағазын 2018 жылдың 3 қазанында, ал 30 млрд теңге көлеміндегі құнды қағаздарды 2018 жылдың 7 желтоқсанында орналастырған болатын. Екі жағдайда да облигациялар бойынша мөлшерлеме 8,5 пайыз болды. Алайда олар бойынша әзірге ешқандай мәміле жасалған жоқ.

Айта кетсек, "Баспана" ипотекалық ұйымы ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 85 қаулысы негізінде, әрбір отбасына тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасында көзделген функцияларды жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу