Баспана аларда аумақтың қылмыстық деңгейін анықтайтын сервис іске қосылды

898

Баспана аларда аумақтың қылмыстық деңгейін анықтайтын сервис іске қосылды

ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Krisha.kz сайтымен бірлескен арнайы жоба – Қазақстан Республикасының интерактивті қылмыстық картасын іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда, тұрғылықты аумағының қылмыстық деңгейінен алаңдаған тұрғындар жылжымайтын мүлкін сатуда кедергілерге ұшыраймыз деп отыр.

Krisha.kz сайтында Қазақстанның кез-келген қаласында 1 метрге дейінгі нақтылықпен баспананың немесе тұрғын үй кешенінің, ауданның қылмыстылық деңгейін бақылауға болады. "Осы жоба арқылы біз қазақстандықтарға әлемдегі жетекші елдерде баламасы жоқ сервис ұсындық. Келешекте осындай сервисті Kolesa.kz сайтында да жүзеге асырмақпыз", ­- дейді ҚР прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.

Баспана алушылар таңдауы түскен тұрғын үйдің аумағындағы тыныштықты бірегей сервистен анықтай алады. "Біз қазақстандықтарға жылжымайтын мүлікті алған уақытта немесе жалға алған кезде дұрыс шешім қабылдау үшін мүмкіндігінше пайдалы ақпарат беруге тырысамыз. Азаматтар баспана іздей отырып, осы не басқа үйде немесе аудандағы жағдайдың қаншалықты тыныш екендігін және алдын-ала қандай қауіпсіздік шараларын қолға алу қажет екендігін біле алады", -  деді порталдың директоры  Николай Бабешкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу